Анасын пышақтап өлтірген жасөспірім сотталды

1 211

Фото: pixabay.comБатыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 56 жастағы анасын пышақтап өлтіру дерегі бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Соттың баспасөз қызметі жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес, аса қатыгездікпен адам өлтірді деген айып тағылғанын мәлім етті.


Істің мән-жайын заң бойынша жария ету мүмкін болмағандықтан, жабық сот отырысында қаралды. Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінетінін айтты, - делінген хабарламада.

Үкімді шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмағаны, мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді.

Сот заң талаптарын негізге ала отырып, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.