Шенеунік құны 120 млн теңге жерді 765 мыңға сатып жіберген
БҚО-да аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы заңсыз жер телімін беріп, оның салдарынан мемлекетке аса ірі залал келтіргені үшін сотталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасы жер телімдерін беру заңдылығын тексеру кезінде бір азаматқа бағбандықпен айналысу және саяжай салу үшін облыс орталығына (Орал қаласы) жақын жерден жалпы аумағы 40,0 гектар 2 жер телімі берілгені анықталған.
Айта кетерлігі, мемлекеттен саяжай жер телімін сатып алу құны заңсыз төмендетілген және 4 000 соттық жер 765 мың теңгеге сатылған. Ал аталған жер телімдерінің шын мәніндегі нақты кадастырлық құны 119,8 млн теңге тең болған. Осылайша салдарынан мемлекетке аса ірі көлемдегі залал келтірілген.
Сот үкімімен Бәйтерек аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтемек. Ал келтірілген залалды мемлекетке қайтарылмақ. Үкім заңды күшіне енген жоқ.