Семейде жаңа көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті

198
Семей қаласындағы Қарағайлы көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі тексеріс жүргізіп, бұл жағдайдың себебін анықтаған.

«Аталған көшедегі 22-ші үй қасбетінің опырылуына байланысты шаһар әкімінің тапсырмасымен аккредиттелген арнайы ұйым ғимараттың техникалық жағдайын зерттеді. Соның нәтижелері бойынша сылақ қабаты материалдарының әркелкілігіне байланысты осындай жағдайдың болғаны анықталған. Сондай-ақ тұрғын үйдің сыртын әрлеу жұмыстары жобадан ауытқыған», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта опырылған сыртқы қаптаманы қалыпқа келтіру мәселесі шешілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.