Бишімбаевтың жұбайы Салтанатпен қоштасу рәсімі Павлодарда өтеді

1 540

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жұбайы Салтанат Нүкеновамен қоштасу рәсімі 11 қарашада таңертең Павлодарда өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нүкенованың туысы Айтбек Амангелді Instagram желісіндегі парақшасында онымен бірге түскен фотосын жариялап, марқұммен қоштасу рәсімі қарашаның 11-і сағат 10:00-де Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте өтетінін хабарлады

Ер адамның жазбасына қатысты жазылған пікірлерге қарағанда, Айтбек марқұмның ағасы болуы мүмкін. 

Еске салайық, кеше, 9 қарашада бірқатар БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада ұсталғанын хабарлады.

 Экс-министр елордалық мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп ұрып-соққаны айтылды. Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел қаза тауып, жарақат алғанын растады. 

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда полицейлер бұл іске қатысы бар адамдардың есімін атамаған. Бишімбаев ұсталғанын бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.