Дәрігерлер уланғандарды құтқарамыз деп жол апатына ұшырады

1 252

Фото: klops.ruПавлодар облысында құдықта төрт адам уланып, оларға шақырылған жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«5 қыркүйекте сағат 17.48-де Шарбақты ауылынан кәріз құдығындағы техникалық жұмыс кезінде газбен улану жайлы қоңырау түсті. Орталық Шарбақты аудандық ауруханасына 1956, 1975, 1982 және 1992 жылы туған төрт ер адам жеткізілді», — деп хабарлады жұма күні Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясынан.

Жағдайы ауыр екі ер адам  санитарлық авиациясымен Павлодар қалалық №3 ауруханасының токсикология бөліміне жатқызылды.

Жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін және Шарбақты ауылынан келген шақыртуға барған медициналық авиация бригадасы Павлодардағы Толстой мен Астана көшелерінің қиылысында апатқа ұшырағаны белгілі. Ол Volkswagen Passat көлігімен соқтығысып, оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан дәрігерлер зардап шеккен жоқ.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.