Әйелін атпен таптап кетпек болды
Әлеуметтік желіде атқа мінген ер адам әйелді жұлқып, балағаттаған. Видеодан әйелге дөрекі сөйлеп, оны қорқытып жатқанын көруге болады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамның әрекетін әйелі видеоға түсіріп алған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының бес баласы бар. Видеода әйелі күйеуінің өзіне ғана емес, балаларына да жекіп сөйлеп, балағаттайтынын көрсеткісі келген. Сондай жасырын түсірілген бейнежазбадан ішімдікке сылқия тойып алған күйеуінің қызына дөрекі сөйлеп, балағаттап жатқанын көруге болады.
Бұл видео полицияның назарын аударды. Алматы облысы полиция департаменті отбасында болуы мүмкін зорлық-зомбылық фактісі бойынша тексеру бастаған.
Полиция бұған дейін мұндай дерек бойынша арыз түспегенін атап өтті.







