Жыл басынан бері Қызылорда облысында 1 400 дана бейнебақылау камералары орнатылады
Қазіргі таңда аймақта 18 969 бейнебақылау камералары жұмыс істесе, оның 7 148-і жедел басқару орталығына қосылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Одан бөлек, облыс орталығындағы азаматтар көп шоғырланатын орындарда "SOS" дабыл батырмасының 15 құрылғысы орнатылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында тиісті сала мамандарымен "Ақылды қала" тұжырымдамасының қауіпсіздік бағыты талқыланды.
Бейнебақылау камераларының саны артып, толығымен жұмыс жасауы арқылы өңірдегі жол-қозғалыс ережелерін бұзушылықтар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 636-ға азайған.
Бұл шара облыстың қауіпсіздігін арттыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Бейнебақылау жүйелері көшелерде, қоғамдық орындарда, мемлекеттік мекемелер мен көпқабатты үйлердің аумағында орнатылады. Бұл камералар құқық бұзушылықтарды алдын алу, қылмыстарды тіркеу және анықтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады.
Жобаның жүзеге асырылуы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға, құқық қорғау органдарына қылмыстарды тергеуде көмек көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың заңға бағынушылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл шара облыс тұрғындарының өздерін қауіпсіз сезінуіне жағдай туғызады.
Бейнебақылау камераларының орнатылуы облыстың барлық аймақтарын қамтып, оның ішінде Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында да іске асырылады. Бұл бастама аймақтың заманауи технологияларды қолдану арқылы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.