"Өлтіріп, көміп тастаған": оң жағалаудан белгісіз бойжеткеннің денесі табылды
Астанада оң жағалаудағы сауда орталығының артындағы бос жерден 18 жастағы қыздың денесі табылды. Қала тұрғындарының айтуынша, бойжеткенді өлтіріп, көміп тастаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы zhalobi.astana парақшасында қала тұрғындары жеткізді.
Тұрғындардың айтуынша бұл аймақ қаланың шетінде емес. Дегенмен қаңырап қараусыз бос жатқан жерлер бар екен.
Астана полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары елордадағы қылмыстық ахуал тұрақты деп сендірді.
Полицейлер қыздың денесі табылғанын растады. Дегенмен, оның жасының 18-де екенін және мәйіттің көмілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.