Министр 6 айда қазақ тілін үйренуге уәде берді

154

Жаңадан тағайындалған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мемлекеттік тілді 6 айда үйренетінің мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ант берді.


«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», – деді министр.


Отырыстан соң тілшілер "сұрақтарға мемлекеттік тілде қашан жауап бересіз?" деп сұрады. 


Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тілдік деңгейді көтеру керекСондықтан жарты жыл беріңіздер. Барлық сұрағыңызға қазақша жауап беремін, - деді министр.


Еске салсақ, бұған дейін Алмасадам Сатқалиев депутаттардың сауалына қазақ тілінде жауап бере алмай сынға ұшыраған.  Депутат Бақытжан Базарбек мемлекеттік тілде сөйлеуі керектігі жөнінде ескертпе айтты.


Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы дүниеге келген. 2021 жылдың 29 наурызынан 2023 жылдың 4 сәуіріне дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әлеуметтік қорының басқарма төрағасы болды.