TikTok-тағы тікелей эфирі үшін бас бостандығынан шектелді

1 451

Фото: pixabay.comШымкенттік тұрғын Tiktok желісінде тікелей эфирде ислам дініне қарсы діни алауыздықты қоздыратын сөздер айтқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі “Діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттерді жасау” бойынша айып тағылған.


“Тәңіршілдікті ұстана тұра, бір жылға жуық TikTok әлеуметтік желісінде "стрим" тікелей хабарларын өткізіп, діни алауыздықты қоздыру мақсатында ислам дінін ұстанушыларға қарсы діни алауыздықты қоздыруды негіздейтін ойларын жария жасаған. Сотталушының кінәсі жинақталған құжаттармен дәлелденді”, – делінген сот хабарламасында.

Прокурор сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындады.

Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай шын өкінгенін ескерді, ауырлататын мән-жай анықталмады.

Айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.