"Как и есть". QazaqGaz-басшысы 123 млрд теңгенің былығын мәлім етті

244

QazaqGaz компаниясында қордаланып қалған мәселелер жетіп-артылады. Тіпті, аудиторлар 123 миллиард теңгенің қаржылық заңсыздығын анықтаған.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында QazaqGaz-дың қазіргі басшысы Санжар Жаркешов айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Үкіметтің шешімімен бұрынғы "ҚазТрансГаз" осы күні "Самұрық-Қазына" АҚ құрамына кіріп, "ұлттық компания" мәртебесіне ие болған. Енді портфельдік компанияға айналып, атауын "QazaqGaz" деп өзгертті.

Компания "Жаңарған QazaqGaz" көзқарасын қалыптастырып, құрамындағы барлық кәсіпорындарда толық көлемді жаңартуды бастаған. Аудиторлық тексеріс жүргізген.

"Қазіргі кезде 937 млрд теңгеден астам сомаға делдалдық схемалар мен қаржылық заң бұзу деректері табылды. Оның ішінен 123 млрд теңгесіне қатысты қаржылық заң бұзу жағдайлары дәлелденді.Қазақта ауруын жасырған арам өледі деген жақсы сөз бар. Барлығын ашық айтамыз", — деді Санжар Жаркешов.

Отырыстан кейін компания басшысынан тілшілер бұл заң бұзушылықтар қай кезде болғанын сұраған. Тіпті, "ҚазТрансГазды" басқарған Қайрат Шәріпбаевтың қатысы бар ма деген сауал да қойды.

Мәжіліс отырысында ашық әңгіме болды. Бәрін "как есть" айттық".Ал бұл заңсыздықтар қай кезде болғанын бәлен деп айту қиын. Қаншама жыл бойына газ саласында көптеген өзгеріс болды, әртүрлі адамдар келді. Солай қалыптасып қалған ғой,— дейді QazaqGaz басшысы.

Жаңа басшы бұл заңсыздықтардың нақты қай кезде болғанын білмейтіндіктен Қайрат Шәріпбаевтың қатысы бар-жоғын айта алмаймын деді.