Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды

149

Генетик Гүлнар Святовая қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Оның айтуынша, спирттік дегидрогеназа ферменті азиялықтарға қарағанда қазақтарда жақсы жұмыс істейді, бірақ еуропалықтарға қарағанда нашар.


Мәселен, Шығыс Азияда бұл полиморфизм 17,4%, Жапонияда - 24% болып табылды, сондықтан олар тез мас болады.


"Бірақ біз қорғаныш генотипін, яғни қазақтарды маскүнемдіктен сақтайтын генотипті таптық. Бұл генотипті тасымалдаушыларда маскүнемдіктің даму қаупі әлдеқайда төмен. Қазақстандық популяциядағы бұл қорғаныш аллельінің тасымалдаушы жиілігі 1,31% құрады, бұл жиілік африкалықтарда - 0,2%, американдықтарда - 0,3%", – деді генетик маман.


Қорытындылай келе, Святовая генетиктер алған нәтижелер диагностика мен емдеудің жаңа бағыттарын ұсынуға, сондай-ақ пациенттердің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекел топтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.