Депутат Қайрат Құдайберген қамауға алынды
255
Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген ұсталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Алматы қаласы прокуратурасының ресми өкілі растады.
Депутатқа Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (ҚР ҚК 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылған.
Бас прокуратураның айтуынша, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Қаңтардағы оқиғалар бойынша қылмыстық істерді Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеуде.
Еске салайық, Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы кезінде Арман Жұмагелдиевтің (Жабайы Арман) қасында болған. Ол бұған дейін куәгер ретінде жауап беруге шақырылған.
7 қаңтарда Алматыда полицейлер "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаровтың айтуынша, "Дикий Арман" тобы қаңтар оқиғасы кезінде 24 бейбіт тұрғынды ұрлап,күштеп ұстаған. Криминалдық авторитет "Дикий Арманды" қамауға алу мерзімі екіайға ұзартылған болатын.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Құдайбергенге жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты (Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылуда.
Әзірге Бас прокуратурадан ресми ақпарат жоқ.