7-сынып оқушысы балконда салбырап тұрған баланы құтқарып қалды

1 559

Фото: видеодан скриншотАстанадағы №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов тұрғын үй кешендерінің біріндегі қайғылы оқиғаның алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға 20 мамырда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған.


Ақан аулада ойнап жүргенде төртінші қабаттағы балконда асылып тұрған баланы байқаған. Ол бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.


"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - делінген хабарламада.