Қылмыстық жауапкершілікке тартылған Ресейлік хирург Қазақстаннан қуылды

188
Ресейлік хирург Роман Алферов Қазақстан аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының мәліметі бойынша 23 қыркүйекте РФ азаматы Роман Алферов «Қордай авто» бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды.

«Наурызбай аудандық сотының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешімімен Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ-ның арызы бойынша Қазақстанның заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Роман Алферов Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды. Сот шешімін өз еркімен орындауға 10 күн мерзім берілген, алайда осы уақыт ішінде шетелдік азамат әртүрлі жолдармен сот шешімін орындаудан жалтарған, яғни бірнеше рет кассациялық шағым берген, стационарда емделуде болған», - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар реесйлік азамат Қазақстанда болған кезінде бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке және бір рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде ресейлік пластикалық хирург Роман Алферовтың операцияларынан кейін екі науқас қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда дәрігер екі ретте де жазадан құтылып кеткен – бір рет марқұмның туыстарымен татуласса, екінші жағдайда оқиғаның мерзімі өтіп кетуіне байлансты заң бойынша аман қалған.