Жол апатынан 53 адам қаза тапқан

350
Атырау облысы бойынша соңғы екі жылда жолда ереже бұзушылығы үшін 60 жүргізуші сотталып, оның ішінде 35 адам 1-ден 7 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Opennews.kzақпарат агенттігі

Биыл өңірде 116 жол апаты болып, 53 адам қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған. Облыстағы жол апатының көбісі ішімдік ішіп, рульге отырған жүргізушілердің кінәсінен болған.

Облыстық прокуратура жүргізушілерге жол ережелерін сақтап, адамдардың жарақаттануы мен өліміне жол бермеу керектігін айтуда, –  делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Жалпы, биыл 9 429 жол апаты болып, 1478 адам қаза тапқан. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға көп. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, елімізде жыл сайын 13 мың адам жол апатына түседі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.