ІІМ "Айка тізімінің" таралуына байланысты тергеу жүргізіп жатыр
Ішкі істер министрлігі элиталық эскорт қызметін ұсынатын әйелдер мен олардың клиенттері туралы деректер жазылды делінген "Айка тізімі" қалай пайда болғанына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі ақпараты бойынша, желіде пайда болған тізімнің ішіндегі адамдардың жеке деректерінің растығы мен олар қалай таралғанының мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ олар жеке деректерді тарату үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу әрі ҚР жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын айтты. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру.