Әйелінің туыстарын қарызға батырып кеткен ер адам 6 жылға сотталды

1 363

Фото: istockphoto.comАстана соты туыстары мен жақындарынан ірі көлемде ақша жымқырған қала тұрғынына үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Күдікті бөтеннің мүлкін алдау жолымен жымқырды, бірнеше рет (15 факт) және аса ірі мөлшерде (ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша) жасағаны үшін айыпталып отыр002E

«Cотталушы өзінің әйелінің жақын туыстарын, сондай-ақ басқа да таныстарын алдап, Кореядан бәсекеге қабілетті бағамен көлік сатып аламын, сондай-ақ Астана қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып аламын деп алдап, 2023 жылдың желтоқсан айынан 2024 жылдың тамыз айына дейін бірнеше рет ақшалай қаражатты жымқырған. Осылайша 15 адамға 57 млн теңге шығын келтірген», - деді сот.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, қорғаушы ең төменгі жаза тағайындауды сұрады. Прокурор 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сот азаматты кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.