Күйеуінің қорлығынан әйел асылып өлген

1 353

Фото: pixabay.comПолиция істі тоқтатып тастаған. Іске прокурорлар араласып, қылмыстық іс қайта қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, Көкшетау қаласы прокуратурасының принципиалды ұстанымы нәтижесінде бұрын қалалық полиция тоқтатқан іс қайта қозғалған. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылған. Ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтіре алғарн.



Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйелі физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды. Бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауының қайғылы салдарына апарып соққан. Азаматының әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды. ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, – делінген хабарламада.

Күдіктінің ісі Көкшетау қалалық сотына жіберілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.