Түркістанда жасөспірім қыз бала құрдасын пышақтап өлтірген

217
Түркістан облысында жасөспірім қыз бала құрдасын пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жантүршігерлік жағдай Шардара ауданында болған. Полиция бөліміне көшеден белгісіз ер баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады. Сондай-ақ ас үй пышағы мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Бір сағат ішінде күдікті де қолға түскен. Ол – кәмелет жасқа толмаған қыз бала. Ол өз әрекетін толық мойындады дейді.

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.

«Белгілі болғандай, түнгі сағат 3.00 шамасында күдікті жәбірленушімен кездескен. Кездесуде жасөспірім қыз өзімен бірге пышақ алып келіп, жанжалдасу кезінде жәбірленуші жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Жасөспірім ер бала алған дене жарақатынан сол жерде қайтыс болды», - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.