Үздік оқушылардың білім ордасы
Қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, «Жанқожа батыр» ауылындағы № 94 орта мектеп Жиделі колхозында 1934 жылы алғаш рет бастауыш мектеп болып ашылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
1937 жылы бастауыш мектеп Қазалы аудандық атқару комитетінің бұйрығымен 7 жылдық мектеп болып толықтырылды.
Қазіргі таңда мектебімізде – 290 оқушы білім алуда. Мектепте 46 мұғалім жұмыс жасайды. Олардың 45-і жоғары білімді, 1-еуі арнаулы орта педагогикалық білімі бар. 5 мұғалім педагог-зерттеуші, 27 мұғалім педагог-сарапшы, 12 мұғалім педагог-модератор, 2 мұғалім санатсыз. Мектепте – 17 класс комплектісі мен 2 МАД тобы бар. 3-оқу тоқсанын 101 оқушы – үздік, 85 оқушы – екпінді бағамен аяқтады.
Әр жыл сайын оқушыларымыз білім беру грантын иеленіп, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атануда. Атап айтатын болсақ, 2023-2024 оқу жылында мектеп оқушыларының аудандық олимпиадасына әр пән бойынша оқушылар қатысып, 21 оқушы жүлдегер атанды. Ауыл мектептеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы облыстық олимпиадада 15 оқушы топ жарып, жүлделі ІІ және ІІІ орындарды қанжығасына байлады.
Олар: 9-сынып оқушысы Ақнұр Оңғарбай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2-орын /жетекшісі Айгүл Мәлкеш/, 10-сынып оқушысы Гүлназым Замадинова ағылшын тілі пәнінен 2-орын/ жетекшісі Жанат Жұмағұл /, 9-сынып оқушысы Мерей Ізтұрған физика пәнінен 2-орын, 10-сынып оқушысы Аяулым Әділбек физика пәнінен 2-орын /жетекшісі Шаттық Қалиева/, 11-сынып оқушысы Жансая Ертуғанова биология пәнінен 2-орын /жетекшісі Ләззат Жандилда /, 11-сынып оқушысы Әлібек Шерхан математика пәнінен 3-орын/ жетекшісі Әлібек Жақсылықов/, 9-сынып оқушысы Нұрсұлтан Қайырлап математика пәнінен 3-орын /жетекшісі Ақбұрыш Батимова /, 9-сынып оқушысы Айжан Әділбек Қазақстан тарихы пәнінен 3-орын, 9-сынып оқушысы Қарлығаш Алтынбай құқық негіздері пәнінен 3-орын /жетекшісі Бағила Құрманәлі /, 10-сынып оқушысы Қосжан Берекет химия пәнінен 3-орын /жетекшісі Тұрсынкүл Тоқмамбет /, 9-сынып оқушысы Бақытбек Махфуза биология пәнінен 3-орын /жетекшісі Асан Тілек/, 10-сынып оқушысы Сағыныш Өмірзақ информатика пәнінен 3-орын /жетекшісі Жазира Бимырза /, 11-сынып оқушысы Диана Елдесбай ағылшын тілі пәнінен Алғыс хат /жетекшісі Жанат Жұмағұл /, 11-сынып оқушысы Мәулен Сағындық Қазақстан тарихы пәнінен Алғыс хат/ жетекшісі Асан Бақыт/, 9-сынып оқушысы Кәусар Елдесбай орыс тілі пәнінен Алғыс хат/ жетекшісі Айнұр Баймусаева/ иеленді. Бұдан басқа, Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша ХҮІ Президенттік олимпиаданың І (өңірлік) кезеңінде көрсеткен ерекше жетістігі үшін 11-сынып оқушысы Әлібек Шерхан Алғыс хат, 10-11 сыныптарға арналған “Алтын түлек” олимпиадасының республикалық кезеңінен 1-орын иеленіп, ҚМУ грантын иеленді/ жетекшісі: Ә.Жақсылық/. Республикалық «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауының облыстық кезеңіне қатысқан, ауыл мектебінің 8-сынып оқушысы Мінәжадин Мұхамеджан /жетекшісі: Рүстем Нуфтулла / ІІ орын иеленді.
Осындай оқушыларды дайындап жүрген ұстаздарымыз да, жеңістен құр алақан емес. Биылғы оқу жылында өткен «Жыл мұғалімі – 2023» байқауына қатысқан тарих пәнінің мұғалімі Индира Әбіразақ жүлделі 2-орын иеленсе, информатика пәнінің мұғалімі Жазира Бимырза, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанат Жұмағұл, бастауыш сынып мұғалімі Гүлбану Кәрібай, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Алмат Аралбаев, мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Әлібек Жақсылық Алғыс хат иеленді. Осы байқауда ерекше көзге түскен мектептің қосымша білім беру педагогы Бағила Құрманәлі бас жүлде иеленіп, аудандық білім бөлімінің дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Мектеп басшылары арасында дебат турнирінде Адилхан Садиров Алғыс хат иеленді. Аудандық «Алтын тұғыр» олимпиадасында Меруерт Тоқтабаева Алғыс хат иеленді. Жылдың үздік әлеуметтік педагогы байқауына қатысқан мектептің әлеуметтік педагогы Әмірбек Жарылқап Алғыс хат иеленді. «Үздік дефектолог» байқауына қатысқан Гүлсая Алпысбай «Креативті маман» бағамын иеленді.
Орыс тілі пәні бойынша практикалық жұмыстар байқауында Гүлмира Жали 2-орын иеленсе, математика пәні бойынша практикалық жұмыстар байқауына қатысқан математика пәнінің мұғалімі Айымкүл Пірімжар жүлделі 1-орын, биология пәні бойынша практикалық жұмыстар байқауынан Ләззат Жандилда – 2-орын иеленді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық оқуына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Изетова 2-орын иеленген. Педагогикалық идеялар байқауына қатысқан тәлімгер Жанар Ерішова 1-орын, бастауыш сынып мұғалімі Мерует Тоқтабаева 2-орын, орыс тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Баймусаева Алғыс хат иеленді.
Мектепте 12 бағыт бойынша түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс жасайды. Соның ішінде, оқушылардың қызығушылығын арттыратын 9 спорт секциясы болса, спортшылар облыстық, аудандық сайыстарға белсене қатысуда. Атап айтар болсам, ұлттық ойын секциясы бойынша облыстық ләңгі тебу сайысына қатысқан Әлимуса Қалабай /жетекшісі: Алпамыс Қожаниязов/ жүлделі І орын иеленді. Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан мектептің 7-8, 9-11 сынып оқушыларынан құралған құрама командасы ауданда көш бастаушылардың қатарында жүлдегер атанып жүр/ жетекшісі: Ахмедия Тулешов /.
Мектеп үш жылдан бері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында, «Тарихи тұлғаларға қатысты тарихи орындар» тақырыбымен жұмыс жасап келе жатыр. Жоба аясында аудандық «Өлкетану» мұражайымен меморандум жасалынып, бірнеше рет оқушылардың мұражайға, Қорқыт ата кешеніне саяхаты ұйымдастырылды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тарихи мұражайларға виртуалды саяхаттар жасалды. Сонымен бірге, мектепке де, көшпелі мұражай ұйымдастырылып, білім алушыларымыз өлке тарихынан көптеген мәліметтер алды.
Сондай-ақ, оқушының жылдар бойы алған білімінің сарапқа түсетін сәті – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезі. ҰБТ-да оқушылар жылдан жылға өсу көрсеткішін көрсетіп, оқу орнына түсу білім грантын иеленуде. Атап айтсақ, 2022-2023 оқу жылында ҰБТ-да орташа көрсеткіші – 86,1 ұпай болып, 13 оқушы грант иегері болды. 3 оқушы «Алтын белгі» иегері, 1 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 5 оқушы колледждің грантына ие болып білім алуда.
Биылғы оқу жылындағы үлкен жаңалықтың бірі – «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық білім ордасы салынуда. 2023 жылдың қараша айының 1-жұлдызында іргетасы қаланған білім ордасының құрылысын «Асар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Құрылыс бастығы Б.Еспембетовтің айтуынша, «Тапсырыс беруші «Самұрық - Қазына» акционерлік қоғамы. Мектеп үйі екі қабаттан тұрады. Жайлы мектеп болғандықтан спорт кешені, ойын алаңы барлығы қарастырылған. 2024 жылы тамыз айында құрылыс аяқталады деп жоспарланған».