Көшелерде Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар тарады

1 564

Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан “Mega” сауда орталығында жастарды соғысқа шақыратын жарнамалар пайда болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматыдағы сауда орталығында Легион “Свобода России” ұйымының плакаты пайда болып, онда сарбаздарды жинау басталғаны айтылған.


“Үйіңе жеңімпаз болып орал. Легион “Свобода России” рекруттардың жаңа жиынын ашады”, – делінген жарнамада.


Полиция мән-жайды анықтап жатқанын мәлімдеді. 


"Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Мән-жай анықталады", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


“Свобода России” – Украина жағында соғысатын ресейліктердің тәуелсіз әскери бөлімі. Ұйымды Киев қаржыландырады деген ақпарат бар


Елімізде шетелдегі соғыстарға қатысқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 172-бабы “Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу” бойынша бұл үшін 5 жылдан 9 жылға дейін жаза көзделген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.