Велосипедпен ағашқа соғылған жасөспірім көз жұмды

1 631

Pixabay.comБурабай курортына саяхатқа келген астаналық жасөспірім оқыс оқиғадан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде осы дерек бойынша іс қозғалған. 


"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала анықталғандай, бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Соның салдарынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары қолға алынды", — деді ведомстводан.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.