Жалған электрондық төлем шоттарын жасаған балабақша есепшісі 2,5 млн теңге жымқырған

764

Абай облысы Жарма ауданында балабақша есепшісі 2,5 млн  теңгеден астам қаражатты жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ІІМ мәліметінше, есепші мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізе отырып, оның көмегімен ақшалай қаражатты есептеу және аудару бойынша барлық қаржылық операцияларды жүзеге асырған.


“Onlinebank HALYK” бағдарламасы арқылы жалған электрондық төлем шоттарын жасаған. Әйел өзінің лауазымын асыра пайдаланып, 3 жыл бойы осы әдіспен өз есепшотына ақша аударып жүрген. Осылайша, қылмыстық әрекеттердің салдарынан есепші балабақшаға жалпы сомасы 2,5 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.


“Қазіргі уақытта есепші өзінің кінәсін толық мойындады және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеді. Осылайша сот заттай дәлелдемелерге сүйене отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айыру түрінде үкім шығарды. Әйелдің 14 жасқа толмаған 3 баласы бар болғандықтан ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жазаны орындау 5 жылға кейінге қалдырылды”, – делінген полиция хабарламасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.