Жасөспірімдер көпқабатты үйдің шатырынан құлап, көз жұмды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИОралда "Строитель" шағынауданында көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, куәгерлер оқиға орнына полиция қызметкерлерінің жедел жеткенін айтқан. Тәртіп сақшылары тоғыз қабатты үйдің маңын арнайы таспамен қоршап, аумаққа кіруді шектеген. Кейін ғимараттың жанынан кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің денесі табылғаны белгілі болды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті екі жасөспірімнің қаза болғанын растады. Дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталған.

"Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатырынан құлау салдарынан кәмелетке толмаған екі жасөспірім қайтыс болды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығы мен прокуратураның бақылауында. Өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың бірі – мектепте оқитын 14 жастағы қыз, екіншісі – колледжде білім алатын 16 жастағы жасөспірім.

Олардың қандай жағдайда құлағаны әзірге белгісіз. Оқиғаның себептері тергеу барысында анықталады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.