Қызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан

1 401

Фото:  Тұрар ҚазанғаповҚызылордада емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады.

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына  учаскелік дәрігер және жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.

Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейінанықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.