Қызылордада жалған мәміле жасап, мемлекетке 1 млрд 73 млн теңге залал келтірген

721
Қызылордада  жалған мәміле жасалып, қаражатты криминиалды түрде қолма-қолға айналдыру бойынша мемлекетке 1 млрд 73 млн теңге залал келтірілгені анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Бақыт Қайшыбековтің сөзінше, 2022 жылы аталған заңсыздықтар бойынша өндірісте 8 іс тіркелген. 

Ал заңсыз ойынға қатысты 18 қылмыстық іс қаралып, оның 17-сі аяқталған. 

Бүгінде азаматтардың құмар ойынға әуестігі экономикаға өз зиянын тигізіп ғана қоймай, әлеуметтік мәселеге де айналып отыр. Аяқталған істер бойынша заңсыз айналымнан 1 ойын рулеткасы, 1 ноутбук, 103 монитор, 123 процессор, 6 теледидар, 14 кассалық аппарат, 10 терминал, 6 бейне жазғыш және 795 920 теңге ақша алынды, - деп мәлімдеді Бақыт Қайшыбеков.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.