Еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды
90
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссия отырысы өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Комиссия отырысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек жағдайы туралы мәселе талқыланды.
Кез келген мекемеде жұмыс ырғағы қалыпты, еңбек өнімді болуы үшін ұжым мүшелеріне лайықты жағдай жасалуы керек. Жеткілікті әрі уақытылы жалақы төлеу, әлеуметтік көтермелеу шараларын тұрақты жүзеге асыру өте маңызды.
Жиында «Торғай Петролеум» АҚ, «АГМ-Табыс» ЖШС, «Қамқор Вагон» ЖШС секілді бірқатар кәсіпорын мен ұйым басшылары қазіргі жағдайларын баяндады.
Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы кәсіпорын, мекеме, жауапты сала басшыларына бірінші кезекте жұмысшылардың әлеуметтік жағдайына баса көңіл бөлу керектігін ескертті.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамын құрметтеу, өз ісін сапалы атқаратын адамдарды үнемі көтермелеу туралы айтты. Кез келген мекеменің тірегі – оның қызметкерлері. Сондықтан ұжым мүшелерінің еңбек жағдайларын жақсартуға барлық мүмкіндік көздерін қарастыру керек», – деді аймақ басшысы.
Мәжілісте облыс әкімі көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.