Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды

165

Фото: Қырғызстан шекара қызметіҚырғыз-тәжік шекарасында тағы да қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 24.kg ке сілтеме жасап.Оқиға бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған


Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі мәлім еткендей, Тәжікстанның шекара отрядын анықтаған.
Ведомство оқиғаның бүгін, 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болғанын мәлім етті. Қырғызстан шекарашылары көрші елдің әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген келісімдерді бұзған.

«Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының бастығы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы генерал-майор Х. Пиракзода арасында қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», - делінген ведомство хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.