Қызылордада түнгі клубтардың бірінде заңсыз сақталған заттар анықталды

1 399

Фото: polisia.kzҚызылордада тәртіп сақшылары түнгі клубтардың бірінде заңсыз сақталған заттарды анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірде заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді. 

Жуырда өткізілген жедел-іздестіру шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары түнгі клубтардың бірінде заңсыз сақталған заттарды анықтады. 

"Тексеру кезінде клуб ішінен екі 10 литрлік газ баллоны, арнайы пакеттерге салынған шарлар және кальян аппараты тәркіленіп, олар заттай дәлелдеме ретінде тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 310-бабының 1-бөлігіне (Есірткі немесе өзге де есірткілік әсер беретін заттарды қолдануға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ақпаратта.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында демалыс және мереке күндері қала аумағында полиция қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін болады. Барлық ойын-сауық орындары қатаң бақылауға алынып, кезекті тексерулер жүргізілмек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.