МАС ЖҮРГІЗУШІ ТӨРТ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ҚАҒЫП КЕТТІ

439

Фото: pixabay.comЕр адам Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қиылысында оқушы қыздарды қағып кетті: ол жолдың шетінде тұрған екі 8 жасар және екі 9 жасар қызды қаққан", - деп хабарлайды полиция өкілдері. Жол апаты салдарынан үш қыз бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жеткізілген. Жүргізуші медициналық айықтырғыш пунктіне орналастырылған. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы 2-бөлігі (Алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру) дерегі бойынша тергеу жүргізілуде

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.