Қызылордадағы қанды қылмыс бойынша ер адам өмір бойына сотталды
Қызылордада 49 жастағы ер адам көршісі мен оның анасын пышақтап өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызылордада қаңтар айында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жасалған қылмыс қоғамда резонанс тудырған болатын. Жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше орын алды. Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында резонанстық іске соңғы нүкте қойылды.
Сот процесі барысында барлық тараптардың айғақтары тыңдалды, сотталушының мінез-құлқы мен қылмыстық әрекеттері жан-жақты зерттелді. Сарапшылардың қорытындылары, куәгерлердің түсініктемелері мен оқиға орнының материалдары сот шешімін қабылдауда шешуші рөл атқарды.







