Қызылордадағы қанды қылмыс бойынша ер адам өмір бойына сотталды

3 105

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©Кадр видеодан/Almaty.tvҚызылордада 49 жастағы ер адам көршісі мен оның анасын пышақтап өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада қаңтар айында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жасалған қылмыс қоғамда резонанс тудырған болатын. Жантүршігерлік жағдай кәмелетке толмаған жасөспірімнің көзінше орын алды. Бүгін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында резонанстық іске соңғы нүкте қойылды.

Сот процесі барысында барлық тараптардың айғақтары тыңдалды, сотталушының мінез-құлқы мен қылмыстық әрекеттері жан-жақты зерттелді. Сарапшылардың қорытындылары, куәгерлердің түсініктемелері мен оқиға орнының материалдары сот шешімін қабылдауда шешуші рөл атқарды.

«Сот үкімімен сотталушы Ш ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен 1,5-тармақтарымен, ҚК-тің 107-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 58-бабы 4-бөлігі негізінде онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына тағайындалады. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», – деді Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы Ерлан Раушанбекұлы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.