Жалақылары заңсыз қысқарған университет қызметкерлері наразылыққа шықты

457
Тараздағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қызметкерлері жалақыларының заңсыз қысқартылуына байланысты наразылыққа шықты деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Мемлекеттік оқу орнының техникалық қызметкерлері уәждерін айтып ректорға кіре алмайтындарын, оған «қолдары жетпейтінін» айтады.

Еден жуушы, ұста, қойма қызметкерлері сынды ең аз айлық алатын азаматтар үшін бұл «жаңалық» төбелерінен жай түскендей әсер еткен. Өйткені, олардың айлық жалақылары әрқалай, 20, 40, 50 пайызға дейін қысқарып кеткен. Мысалы, осы уақытқа дейін 140 мың айлық алатын қызметкерге небәрі 70 мың теңге жалақы түскен.

Онсыз да аз айлыққа жұмыс істеп жүрген азаматтар бұл өздерінің құқықтарының өрескел бұзылғандығы деп біледі.

Жұмысшыларға мән-жайды түсіндіріп, оқу орны басшылығының бұл әрекеті қаншалықты заң аясында екенін анықтау мақсатында аталған университет басшылығы, прокуратура органдары өкілдері келді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.