Төс қалтасынан қағып алған: Шымкентте зейнетақысын алу үшін кезекте тұрған 83 жастағы қарияны жас жігіт тонап кетті

299

Шымкентте зейнетақысын алу үшін банкоматтың алдында кезегін күтіп отырған  83 жастағы қарияны жас жігіт тонап кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап. 

Фото: видеодан скриншот

Қаскүнем елдің көзінше қарияның төс қалтасында тұрған телефонды қағып алып, қаша жөнелген. 

Оқиға өткен демалыс күндері болды. Күдікті қарияның жасына да, сол жерде отырған куәгерлерге де қарамаған. 
Аяғымен әрең қозғалтып жүрсе де қария ұрлықшыны тоқтатуға тырысып, артынан жүгірген. Бірақ қуып жете алмапты. Артынша полицияға арыз берген. Сауда орталығының жанындағы бақылау камералары арқылы полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Оның бұрын сотталмағаны белгілі болды. 

Күдіктіні табу да қиынға соқпаған. Шымкентте ұрланған телефондарды сатып алып, сататын жерді бәріне белгілі көрінеді. Осылайша жігіт "Гарант" сауда үйінің жанында ұрлаған телефонын өткізіп тұрған жерінде ұсталған. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.