Атырау облысы әкімі орынбасарының ісі сотта қаралатын болды

322
Атырау облысы  әкім орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың ісі №2 қалалық сотына жолданды. Ол 80 млн теңге бюджет қаржысын желге ұшырды деп айыпталуда, деп хабарлайды  "Opennews.kz"  ақпарат агенттігі.

Әкім  орынбасарынан бөлек, "Бұйырғын" кооперативінің 55 жастағы директоры Нұрлан Бисембиевтің үстінен де іс қозғалды. Олар Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі бойынша (Бөтеннің аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) айып тағылуда. Қылмыстық іс 14 томнан тұрады. Атырау облысының прокуратурасы істі сотқа электрондық форматта берген. Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғанын жазған едік. "Қайрат Нұрлыбаев облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып тұрған кезде (аталған лауазымға ол 2019 жылғы 5 маусымда тағайындалған), яғни 2019 жылдың 26 маусымы мен 4 желтоқсаны аралығында инвестициялық субсидия келісімшартын жасаған және инвестициялық субсидияны төлеген. 
Бүгінгі күнге дейін "Бұйырғын" кооперативі 83,7 млн теңгені  орнына қойды",- деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.