Қызылорда тұрғыны өртенген пәтерінің ішінде қалып қойған

253
Қызылордада пәтерден өрт шығып, құтқарушылар 31 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Оқиға бүгін, 1 қарашада сағат 05.35-те Қызылорда қаласындағы Аманкелді көшесі №110 үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған. Өрт сөндіру қызметіне қаладағы көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар қызыл жалынға оранған баспанаға барған уақытта онда есінен танған 31 жастағы азамат жатқан. Абырой болғанда, қызметкерлер тұрғынды құтқарып алды.

Жағдайы ауыр азамат қазір дәрігерлердің жіті қадағалауында. Өрт сөндіру қызметінен жалпы 4 арнайы, 1 штабтық техника және 15 қызметкер жұмылдырылды, - дейді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы.

Өрт таңға дейін толығымен сөндірілген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.