Қызылордада жойқын жарылысқа жол берілмеді

1 291

Фото: ТЖМҚызылордада өрт сөндірушілер жойқын жаралыстың алдын алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін қаладағы Тасбөгет кентінде жер үйлердің бірінде сарай өртенген.


"Бөлімше командирі Асылжан Сламбеков және аға өрт сөндіруші Нұрсұлтан Әбдіразақ өртенген шаруашылық нысанынан 2 газ баллонын шығарды. Осылайша, олар жойқын жарылысқа жол бермеді", - деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.


Мамандар өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.