Қызылордадағы түзеу мекемесінде әйелдер де жазасын өтейді
300
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінде 130-дан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 11-і әйел азаматша,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Олар әр түрлі қылмыс жасап сот үкімімен сотталып, жазасын осы мекемеде өтеп жатыр. Мекемеге ат басын бұрып, осы азаматшалармен сұхбаттасудың сәті түсті.
Алаяқ қылмысты басқа адамның сенімін теріс пайдаланып, алдау арқылы оның мүлкін, ақшасын жымқыру немесе бөтен мүлікті құқықты иемдену арқылы жасайды.
Алаяқтық бабымен сотталған Жанар есімді азаматша өзінің жасаған ісіне өкініп, бұндай әрекетке бармауға шақырады. Жасаған ісімнің дұрыс емес екендігін білемін. Әттең бұндай қадамға бармас бұрын отбасымды , балаларымды ойлауым керек еді деген ойлар кейде маза бермейді. Отбасым төрт балам бар. Қазір барлық қиындық үлкен қызыма түсіп тұр. Кейде балаларымды түсімде көремін. Енді өсіп келе жатқанда балаларымның қасында болатын кезімде жандарынан табылмай, темір торда отырмын. Өз ісіме өкінемін.Кейде балаларымды ойлап жаным жай таппай, жылап та аламын. Осындай кезде мекеменің психологына барып, көмек сұраймын. Тезірек отбасыма оралсам екен. Бостандықтың қадірін тар қапасқа қамалғанда түсіндім. Мекемеішілік мәдени шараларға қатысамын. 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мекеменің тәрбие бөлімі шара ұйымдастырып, гүл шоқтарын таратып, көңіліміз бір көтеріліп қалды.
Келесі Айгүл есімді азаматша ҚР Қылмыстық кодексінің 216 бабы, 245 бабымен істі болып сотталған. Мекемеге келген күннен бастап мекеме қызметкерлері қабылдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алпысты алқымдаған шағымда темір торда отыру мен үшін өте ауыр, әрине өкінемін. Телефонмен сөйлескен сайын әже қашан келесің деген сөзді естіп, жүрегім ауырып, жылап аламын. Отбасыңның қасында балаларыңының ортасында отырғанға ештеңе жетпейді. Осы мекемеде жазасын өтеуші азаматшаларға да тезірек үйлеріне оралуларын тілеймін, темір тор деген әйел азаматшасы отыратын жер емес, әйелдің орны үйінде балаларының жанында деп айтар едім дейді сотталған азаматша.
Мекеме бастығы әділет подполковнигі Айбол Махашевтың айтуынша мекемедегі әйел азаматшалардың ең жасы 20 жаста болса, ең үлкендері 60 жасты алқымдағандар. Барлық сотталғандармен заң аясында жұмыс атқарамыз. Заң талаптарына сәйкес күнделікті бекітілген кесте бойынша 1 сағат телефон арқылы отбасыларымен сөйлеседі. Бейнебайланыс арқылы да сөйлесіп, отбасын, балаларымен тілдеседі. Жұмыс жасайтын азаматшаларға Еңбек кодексіне сәйкес еңбек демалысы беріліп, отбасымен қауышып та жатыр. Жаза алған әйелдердің көбі қылмыс жасағанына өкінеді. Біздің мақсатымыз – қылмыстық атқару кодексіне сәйкес, оларды тәрбиелеп, ары қарай түзу жолға салуға тырысу", - дейді мекеме бастығы Айбол Махашев.