Өңеші бітеу туылған сәбиге күрделі ота жасалды

1 573

tkachevclinic.ruШымкент қалалық перинаталдық орталығында өңеші бітеу туылған сәбиге күрделі ота жасалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нәресте ішкі ағзасының ақауынан тіпті ана сүтін еме алмаған.


Білікті дәрігерлер құрамы өміріне қауіп төнген шақалаққа шұғыл түрде неонаталдық хирургиялық көмек көрсету шешімін қабылдайды. Нәтижесінде ота сәтті өтіп, бала анасымен жалпы палатаға ауыстырылған. Алдағы уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында болады.


"Жыл басынан бері қалалық перинаталдық орталығының жансақтау бөлімі базасында неонаталдық хирургиялық операциялар жүргізіле бастады. Соның арқасында ішкі ағзаларының ақауымен туылатын нәрестелерге күрделі ота түрлері өзімізде жасалуда. Бұған дейін түрлі патологиялары бар балаларды мамандандырылған ауруханаға жолдайтынбыз. Өйткені перзентханада ондай медициналық көмек көрсетілмейтін", - дейді Шымкент қалалық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің неонаталды ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова.


Бүгінде жаңа туған нәрестелерге реанимациялық және қарқынды терапия қызметін көрсететін бөлімшеде неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог және неонатолог-реаниматолог дәрігерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ перзентханада асқазан-ішек жолдарына ота жасалған балаларға күтім жасауға да ерекше көңіл бөлінген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.