"Қаһарман" Қызылордада екі қызды қорғауға барған жігіт пышақ жарақатын алды

1 500

Фото: threads/ahmetovax__011Қызылордада екі қызга араша түспек болған Нұралла есімді жігіт жарақат алды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға туралы әлеуметтік желіде Ахметова Аии есімді қолданушы жазды. Оқиға 20 қараша күні сағат 19:30-20:00 шамасында Құлагер ауданында болган.

Сыраханадан мас күйде шыққан 1984 жылы туған ер адам екі қызға тисіп, сөз айта бастаған. Қыздарды қорғауға келген жігітке пышақ жарақаты салынған.

Жазба авторы қазір Нұралла есін жиған, оқиғаға байланысты тергеу журіп жатканын айтты. 

Фото: threads/ahmetovax__011Сөзінше, Шұғыла шағын ауданы турғындарынын сөзіне сүйеніп, аталған ер адамнын бұған дейін де адамдарға тиісіп, жанжалға арандатқанын жеткізді.

Әлеуметтік желі қолданушылары қыздарға араша түскен Нұралланын әрекетін ерлікке балап, оған қолдау білдіріп жатыр. Әзірге оқиғаның мән-жайы мен жазбада айтылған деректерге қатысты полициянын ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.