ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» – ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» – ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» науқаны аясында «Қуатамлонмұнай» ЖШС БК-де жұмыскерлермен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда облысы «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Марат Бәйімбетов әлеуметтік әріптестермен бірігіп, олар Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті еңбек адамының тыныс-тіршілігіне назар аударып, жұмыс орнындағы өзекті мәселелерді ашық талқылау,
еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктердің сақталуына қатысты ұсыныстар тыңдалды.
Кездесу барысында кәсіпорындағы еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуы, түнгі ауысымдағы жұмыстың ерекшеліктері және жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауға қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, шешілу жолдары талқыланып, жұмыс беруші тараппен ортақ шешімге келді.
«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» науқаны – жұмыскерлердің талап-тілегін тыңдап, еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаң.
Қаз
Рус






