ҚАРМАҚШЫДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӨЗ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІМІН ТАБУДА

1 500

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Жосалы кентіндегі бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен тұрғындар көптен күткен Бауыржан Момышұлы көшесіндегі асфальт төсеу жұмыстарының барысы тексерілді. Кенттегі ең ұзын көшелердің бірі саналатын жолдың жалпы ұзындығы 2100 метрді құрайды. Бұл көшені жөндеу тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалуына бағытталып отыр. Жандос Еркінбек жұмыстың сапалы орындалуына назар аударып, жауапты басшыларға тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Мұнан соң аудан басшысы Тайшық би тұйығында тұрғындардың көтерген мәселелеріне сәйкес атқарылған тазалық жұмысының барысын көрді.

Жалпы аудан әкімі халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерінің ешқайсысы ескерусіз қалмауы керектігін үнемі айтып келеді. Азаматтардың талап-тілегін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру - маңызды міндет. Сондықтан Жандос Еркінбек елді мекендегі жол сапасын жақсартып, тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауында болатынын ескертті.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.