Қызылордада оқушылар сарайының іргетасы қаланды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар cарайының іргетасын қалау рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы жерлестерін заманауи қосымша білім беру орталығының құрылысы басталуымен құттықтады.
Іс-шарада Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әлима Әбдіхалықова да ізгі тілек білдірді.
Айта кетейік, өңірдің білім саласына 278 млрд теңге бөлініп, ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Қазан айында Қызылорда қаласында 600 орындық, қараша айында Шиелі ауданы Байсын ауылында 250 орындық мектептің жаңа ғимараты ел игілігіне табысталды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы 4 мектепке
1850 орындық қосымша ғимарат салынды. Жыл соңына дейін Қазалы ауданындағы 250 орындық, Жаңақорған ауданындағы 300 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілмек.