Сырдария ауданында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгерілеуде. Сондай-ақ ауданымызда ауқымды істер мен жобалар жүзеге асуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ел дамуында жетістікке жетудің бірден-бір жолы – экономиканың тұрақты өсімі.
Биылға аудан бюджеті 10,4 млрд. теңгеге бекітіліп, есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 12,7 млрд. теңгеге жетті. Жыл басынан бюджетіміз 20,9 пайызға ұлғайды.
Ауданның өз кірістерінің жоспары 2,8 млрд. теңгеге бекітіліп, нақты орындалуы 3 млрд. теңгені құрап, 7,8 пайызға артты. Негізгі капиталға 38,6 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлік саласын дамытуға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бірінші жартыжылдықта аудандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 50,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8 пайызға орындалды. Саланың басым бөлігін құрайтын өңдеу өнеркәсібінің көлемі 7,9 млрд. теңге болып, 27,4 пайызға өсті.
Есепті мерзімде шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2714 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 2658 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші – 97,9 пайыз.
Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер тарапынан І жартыжылдық қорытындысымен 6,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 24 пайыз өсім қалыптасты. Бөлшек сауда айналымы 1,5 млрд. теңге болып, 100,3 пайызды құрады.
Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары тарапынан 81 жоба бойынша 4,1 млрд. теңге несие және грант қаражаты берілді.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы құны 405,6 млн. теңгеге 17 ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтар.
Ауыл шаруашылығы саласы – өңір экономикасының негізгі секторы.
2025 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға артты.
Ауданда 1600 тонна ет, 1300 тонна сүт өндірілді.
Биыл аудан диқандары 33 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, күтімге алды. Оның ішінде, күріш 19 950 гектарға егілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 175 гектар қосымша жер дайындалып, 780 отбасы бақша дақылдарын егіп, еңбектенуде. Оның ішінде, Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, Асқар Тоқмағамбетов елді мекендеріндегі жастар бригадалары белсенділік танытуда.
Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өткен жылы 14 жоба (175,1 млн. теңге) жүзеге асырылса, биыл жылдың басында 9 жобаға 55,8 млн. теңге қаржы бөлініп, қолдау көрсетілді. Аталған жобалар аясында 35 жаңа жұмыс орны ашылды.

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Аудан аумағында жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар (44 шақырымы республикалық, 111,6 шақырымы – облыстық, 107,7 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар).
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 99 пайызды құрайды.
Сондай-ақ, ауданға қарасты кент және елді мекендерде жалпы ұзындығы 238,3 шақырымды құрайтын 227 көше бар (Оның ішінде: асфальтты жолдар – 198,6 км; қиыршық тасты – 20 км; топырақты – 19,7 км).
Бүгінгі күнге ішкі жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы – 82 пайыз.
Есепті кезеңде аудан бойынша жол саласына қатысты 5 жобаға 1 млдр. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолының қалған 10,2 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, 46 шақырымды құрайтын аталған жол толығымен жөнделді.
Биыл Шіркейлі, Шаған, С.Сейфуллин елді мекендерінде 7 көше күрделі жөндеуден өткізілуде. Жұмыстар жақын күндері аяқталады.
Аудандық бюджет есебінен бөлінген 77 млн. теңгеге Тереңөзек кенті, Жетікөл, Аманкелді және Іңкәрдария ауылдарында 14 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.