ҚОЖАКЕНТТЕ КҮРІШ ОРАҒЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

1 506

ҚОЖАКЕНТТЕ КҮРІШ ОРАҒЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан Қожакент ауылындағы «Арай» шаруа қожалығының егістік алқабында болып, күріш орағының барысымен танысты.

Биыл ауданда 38 232 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның 6 756 гектарын күріш егістігі құрайды.

Қазіргі таңда 1 813 гектар күріш орылып, оның 1 174 гектары бастырылды. Орташа өнімділік – 45,2 центнер.

Қожакент ауылдық округінде биыл 1 540 гектар күріш егілді. Ал «Арай» шаруа қожалығы 213 гектар алқапқа күріш орналастырып, бүгінде оның 84 гектарын жинап алды. Орташа өнімділік – 48 центнер.

Сондай-ақ, аудан басшысы Көктөбе елді мекеніне барып, отбасылық егіс алқаптарындағы жұмыстардың барысымен танысты.

Өткен жылы тұрғындардың өтінішіне сәйкес, облыс әкімдігінің қолдауымен ауылдық округ аумағынан отбасылық егіс үшін 250 гектар жер бөлінген. Бүгінде оның 70 гектарына тары егіліп, 20 дан астам отбасы еңбек етуде.

Егістік алқаптарды сумен қамтамасыз ету мақсатында Келінтөбе магистральды каналына дейін электр желісі тартылып, трансформатор мен электр насосы орнатылды.

Диқан еңбегі – ел ырысы. Егін науқанының берекелі өтіп, қамбамыздың астыққа толуын тілейміз!

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.