Қызылорда тұрғыны ҚАЖ мекемесіне телефон лақтырмақ болған жерінен ұсталды

1 505

Фото: ҚАЖДҚызылорда қаласында түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жеткізбек болған азамат ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығы арқасында дер кезінде ұсталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға №60 мекемесінің аумағында болған. Мекеме маңында күдік тудырған азаматтың жүргенін байқаған ҚАЖ қызметкерлері жедел әрекет етуі нәтижесінде ұсталып, 102 нөмеріне хабарлаған. 

Нәтижесінде оқиға орнына Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеуФото:ҚАЖД тобы шақыртылды. Ұсталған азаматты тексеру барысында скотчпен оралған белгісіз заттың ішінен телефон мен қуаттағыш құрылғысы табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша екі азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел тобының аға жедел уәкілі Дастан Сайдильдиновтің айтуынша, жыл басынан бері түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасаудың 15 дерегі тіркелген. – Оның ішінде 5 Фото: ҚАЖДдерек бойынша телефондар мекеме аумағына лақтырылмақ болған. Ал 10 жағдайда тыйым салынған заттарды сәлем-сауқат арқылы өткізуге әрекет жасалған. Тыйым салынған заттарды мекемеге жеткізуге байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне қарамастан, мұндай заңсыз әрекеттер әлі де кездеседі. Сондықтан азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырамыз. ҚАЖ қызметкерлері мекеме аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тыйым салынған заттардың ішке өтуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді, – деді Дастан Сайдильдинов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.