ЖАЛАҒАШТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕКІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

2 517

Қызылорда қаласында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада өтті. Спартакиада аясында спорттың 9 түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша Жалағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда жоғары шеберлік танытып, жүлделі І орынды иеленді. 

Айта кетейік, жалағаштық мемлекеттік қызметшілер өткен жылы да топ жарып, І орынды иеленген болатын. Осылайша, аудан командасы облыстық спартакиадада екі жыл қатарынан чемпион атанып отыр.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.