ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2 514

 Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың 2026 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша халықпен кездесуі Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округтерінде өтті.

 Кездесуде аудан әкімі  ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар мен міндеттерді таныстырды.  Қаракеткен және Далдабай елді мекендерінде инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, аталған елді мекендердің 16 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. М.Шәменов ауылдық округінде де бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Ауылға кіре беріс автомобиль жолы толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, Жамбыл және Б.Ердүзелова көшелері жаңартылды. Сонымен қатар, елді мекендегі тұрғын үйлер секторын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қолданыстағы желілерді жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда.

Кездесу барысында тұрғындар ауылдық округтерді дамытуға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына және аудан көлемінде жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын жеткізді. 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.