Жалағаш ауданының әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

1 565

Фото: Жалағаш аудан әкімдігіЖалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов азаматтарды кезектілік тәртібімен жеке қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік, тұрмыстық және инфрақұрылымдық мәселелерін көтеріп, түрлі ұсыныс-пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кездесуге келген азаматтар жер қатынастары, тұрғын үй, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, абаттандыру және ауылдық округтердегі инфрақұрылымдық жағдай секілді бағыттар бойынша сұрақтар қойды.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінісін мұқият тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің шешімін табу үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы жеке бақылауға алынатыны айтылды.

«Азаматтардың өтінісі – бұл біз үшін маңызды кері байланыс. Әр тұрғынның пікірі мен көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды. Халықпен ашық диалог орнату – жергілікті биліктің басты қағидаты», – деді аудан басшысы Ардақ Ибраимов қабылдау барысында.

Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу egov.kz электронды үкімет порталы, e-otinish бірыңғай базасы, сондай-ақ әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Мұндай қабылдаулар тұрғындардың өтініштерін дер кезінде шешуге және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.